Киевке жіберілген зымыран Украинаның бірінші премьері Фокиннің үйіне түсті
Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі Киев үстінде Ресей әскерінің зымыранын атып түсірді. Зымыран сынықтары бірқатар жеке үйлерге құлаған. Баспаналардың бірі Украинаның бірінші премьер-министрі Витольд Фокинге тиесілі.
Бұл туралы «Радіо Свабода» Фокиннің пікіріне сілтеме жасай отырып жазады.
Үйлердің бірінде үйінділердің құлауы салдарынан өрт шыққаны туралы бұған дейін төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметке хабарланған болатын.
– Иә, менің үйіме зақым келді. Бұл көңілді қалдырып отыр. Өйткені мен қазір Молдовадағы досымның үйінде қонақтамын. Мен үйге баруым керек болды. Бірақ терезелер мен есіктер сынғандықтан, баратын жер жоқ болып шықты. Сондықтан, оны жөндегенге дейін мен қайта алмаймын, – деді Фокин.

Дегенмен ол шығынның мөлшері аз екенін және үйді қайта салуға болатынын түсіндірді. Жөндеуге шамамен бір апта уақыт кететінін де айтты.
– Мұның барлығы қазір біздің басқа қалаларымызда болып жатқан оқиғалармен салыстыруға болмайды. Мариуполь – менің анамның қаласы. Ал мен оған қарасам, көз жасымды тия алмаймын, – деп қосты бұрынғы премьер-министр.

Зымыран сынықтарының құлауынан бірнеше көлік пен үйге зақым келген: олардың терезелері сынып, үйлердің қабырғалары қираған. Адам шығыны болған жоқ, тек үй жануарлары зардап шеккен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық