КХДР алғашқы атомдық сүңгуір қайығын таныстырды
Фото: КОТА
Солтүстік Кореяда алғаш рет басқарылатын зымырандармен жабдықталған атомдық сүңгуір қайықтың құрылысы көрсетілді. Нысанды Ким Чен Ын аралап көрді, деп хабарлайды Orda.kz КХДР-дың Орталық телеграф агенттігіне (ЦТАК) сілтеме жасап.
КХДР басшысы су ығыстыруы шамамен 8,7 мың тонна болатын алып кемені қарап шығып, жаңа суасты қару-жарақтары әзірлемелерімен танысты. Оның айтуынша, ядролық әлеуетті күшейту — «қазіргі ұрпақтың міндеті», ал әскери-теңіз флоты тежеудің негізгі элементіне айналуы тиіс.
«Мұндай кемелер су астында ұзақ уақыт — экипажға жеткілікті азық-түлік болған жағдайда, іс жүзінде бірнеше жыл бойы қала алады. Ал кәдімгі қозғалтқышы бар сүңгуір қайықтардың көпшілігі дизель қозғалтқыштарының жұмыс істеуі үшін ауамен қамтамасыз ету мақсатында су бетіне шығуға мәжбүр, ал ол қозғалтқыштар өз кезегінде тереңдікте жүру үшін аккумуляторларды қуаттайды» деп жазылған хабарламада.
Солтүстік Корея басшысы сондай-ақ Әскери-теңіз күштерін реформалау және жаңа бөлімшелер құру жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар, ол АҚШ-тың қолдауымен Оңтүстік Корея жүзеге асырып жатқан атомдық сүңгуір қайық жобаларын қатты сынға алып, оларды КХДР-дың теңіздегі егемендігіне қол сұғу деп атады.
Пхеньян жерүсті және суасты кемелері құрылысын жеделдетуді, сондай-ақ оларды заманауи соққы беру жүйелерімен үйлестіруді көздеп отыр. Алғашқы атомдық сүңгуір қайықты жасау жұмыстары ресми түрде көктемде жарияланған болатын. Бұл жоба қатты отынды құрлықаралық баллистикалық зымырандар мен барлау спутниктерімен бірге басым қару-жарақ түрлерінің қатарына кіреді.
«Рёнхап» агенттігінің деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Солтүстік Кореяның иелігінде 150 ядролық оқтұмсық бар және 2040 жылға қарай олардың санын 400-ден астамға дейін арттыруы мүмкін.
Жақында Дональд Трамп өз атымен аталатын жаңа әскери кемелер санатын құру туралы мәлімдеді. Әңгіме АҚШ флотындағы ең «жойқын», «ел тарихындағы ең ірі» болуға тиіс ауыр қаруланған жерүсті кемелері жөнінде болды. Олар да ядролық оқтұмсықтармен жабдықталған зымырандармен қамтамасыз етілмек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық