Кезекті ресейлік вакцина халал сертификатын алды
Коронавирусқа қарсы «ЭпиВакКорона» ресейлік вакцинасы халал екендігін растайтын сертификат алды.
Бұл туралы Ресей муфтилері кеңесі жанындағы «Халал» халықаралық стандарттау және сертификаттау орталығының баспасөз қызметі ресми хабарлады.
Сертификаттауға вакцинаның компоненттері және оны өндіру технологиясы туралы ақпарат түгелдей берілген.
— Вакцина SARS-CoV-2 вирусының S-ақуызының үш фрагментінің химиялық синтезделген пептидтік антигендері, тасымалдаушы ақуызға конъюгацияланған (байланысқан) және құрамында алюминий бар адъювантқа (алюминий гидроксиді) адсорбцияланған, - делінген хабарламада.
Бактериялар микроорганизмдер қатарына жататындықтан тыйым салынбайды. Белсенді заттар – пептидті антигендер химиялық синтез жолымен алынады.
— E. Coli жасушаларын өсіру процесінде құрамында өсімдік-ашытқы пептоны, минералды тұздар және тыйым салынбаған басқа да компоненттері бар қоректік орта қолданылады. Ферменттер мен гормондар қолданылмайды. Ұсынылған құжаттар негізінде ХСЖСО «Халал» мамандары «ЭпиВакКорона» вакцинасының «халал» стандартына сәйкес екендігі туралы қорытынды шығарды, – дейді хабарлама.
Ресей мұсылмандары діни басқармасы бұған дейін қолданысқа енгізілген Sputnik V вакцинасының құрамын тексерген. Вакцинадан мұсылмандарға тыйым салынған заттарды таппаған.
Мұсылмандар әсіресе, шошқа желатині вакцинаның құрамына енуі мүмкін деген алаңдаушылықтарын білдірген еді. Әзірлеушілер шошқа желатині Sputnik V өндірісінде қолданылмайтындығын дәлелдеп бағуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық