Кез келген жұмысты атқара аламын – Бекболат Тілеухан Ауғанстан елшісі болу туралы
Бекболат Тілеухан саясаттан бөлек өзі жайлы сөз қозғады. Ол өзінің тағдырына риза.
Бұл туралы «Жиырма бесінші сағат» бағдарламасында айтты.
«Маған Ауғанстанға елші бола ма деген сияқты кекесіндерді айтып жатады. Оның артында мені мазақ ету ойы тұрғаны көрініп тұр ғой. Мен мұсылманмын, бірақ менің елші болуға құлшынысым жоқ. Мен кез келген жұмысты атқара аламын. Цемент зауытына басшы қылып қойса да, мен шын ниетіммен кіріссем, жұмысты атқарып шыға аламын. Адамда ниет болса, бәрін істей алады. Бірақ ықыласы болу керек. Жұмысын жақсы көру керек. Менің елшілікке ешқандай қызығушылығым жоқ» деп түсіндірді Тілеухан.
Экс-депутат Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Қайрат Сатыбалдымен, Түркия президенті Ердоғанның ұлы Біләлмен достығы туралы да сөз қозғады.
«Олардың менің қай қырымды жақсы көргенін білмеймін. Мүмкін бір сөзім ұнаған шығар, отырыстарда ән айтқаным ұнайтын шығар. Білмеймін. Бірақ мен достыққа өте адалмын. Мені сыйлаған адамға өте құрметпен қараймын» дейді ол.
Бекболат Тілеухан өзінің Желтоқсан көтерілісіне шыққаны туралы көп айтылмайтынына қуанышты екенін айтты.
«Жалпы не нәрсені болса да, біреу мақтасын не ертең мадақтасын деп жасамайсың. Ерлік жасады. Батыр екен деп айтсын деген мақсатта жасасаң оның сауабы осы кезде ғана. Егер перзенттік борышыңмен барсаң оның өтеуін күтпейсің. Керісінше сауабы бұзылмаған күйде ана дүниеге жетсе екен дейсің. Абай айтады, Алла адамның ішінен не ойлағанын, не мақсатпен жасағанын да біледі деп. Сондықтан бәрін өзіңе сауап үшін, Алланы ризалығын алу үшін жасау керек. Егер адамдар үшін, адамдарға жақсы көріну үшін жасасаң, онда бұл дүниеде ғана сауабын аласың. Мен жалпы біреу сынаса, содан ләззат алатын адаммын. Сонда сауабы сақталған күйінде жетеді. Егер мені ешкім сынамаса, менде бәрі жақсы болса, мен мастанып кетер едім. Мені лағып кетпесін деп отырған құдайдың ісі. Мұсылмандар не себепті бейсенбі күні ауыз бекітеді? Тамақтың қадірін білу үшін. Таңертең тұрып не үшін намаз оқиды? Ұйқының қадірін білу үшін» деді Тілеухан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық