Әкесі қызын бірнеше жыл бойы «білместіктен» зорлады
Оралда әкесі қызын зорлады. Педофил ұсталған кезде «әйеліммен шатастырып алдым» деп мәлімдеді.
Бұл туралы Orda.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
– Жыныстық қол сұғылмаушылық саласында 30%-ға өсім байқалды. Жақында біз кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істі тіркедік. Онда әкесі ұзақ уақыт бойы өз қызын зорлап келген. Ұсталған кезде «әйеліммен шатастырып алдым» деп мәлімдеді, - деді Орал қаласының ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы Мәдина Құспанова.
Осыған ұқсас тағы бір жағдай орын алған. Көп балалы отбасынан шыққан қыз екі жыл бойы өзінің шешесі мен өгей әкесі оны ұрып-соғып, қорлағанын айтты. Жасөспірім қорлыққа шыдамай, үйінен қашып кеткен. Полиция оны тапқан кезде, ол үйіне қайтқысы келмеген. Ол балалар үйіне өткізіп тастауды сұрады. Әйтпесе өзіне қол жұмсайтынын айтқан.
– Ол мені осылай ұрды. Анам «қаласаң өл» деп айтты. Шынымен өлгім келді. Бірақ өзіме қол жұмсай алмадым. Өлгім келсе де жылап, жылап қоятынмын, - деді жасөспірім қыз.
Бұл отбасын полиция қызметкерлері өз бақылауына алды.
Биыл Оралда кәмелетке толмағандар өтініш бере алатын психологиялық көмек қызметі ашылды.
2020 жылы облыста бір суицид тіркелсе, биыл 15 жасөспірім суицид жасамақ болған. Екеуі бастаған істерін соңына дейін апарған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық