Кеосаян бәрін әзілге бұрмақшы
Қазақстан туралы кесапатты сөз айтқан Кеосаян бәрін әзілге бұрып, белгілі бір мемлекетке тіл тигізген ауыр сөздерінен жеңіл құтылып кетпекші.
Ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян «кеңестік» Қазақстанға келуге уәде берді.
– Мен бұған әзіл ретінде қараймын. Бұл күлкілі, жай ғана күлкілі. Мүмкін мен олардың үрейлеріне тиген шығармын. Демек, мен журналистің жұмысын дұрыс орындадым. Мен міндетті түрде Қазақстанға келемін. Қазақстан билігінен рұқсат сұрамаймын. Мен туып-өскен туған Қазақстаныма, менің кеңестік Қазақстаныма міндетті түрде келемін, – деді Кеосаян.
Еске салайық, 24 маусым күні отандық БАҚ Кеосаянның лаңкестермен бір тізімге енгізілгенін хабарлаған болатын. Бұған дейін Кеосаян телебағдарламалардың бірінде Қазақстанға тіл тигізіп, ашық сөйлеген еді. Бір қызығы, ол «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симонянның күйеуі.
27 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрлігі ресейлік арандатушының айтқан сөзіне түсініктеме бере отырып, оны Қазақстанға кіруге тиым салынатын адамдардың тізіміне енгізу ықтималдығы туралы айтты.
Танымал қазақстандық актер Досхан Жолжақсынов Кеосаянды Италияның ұлттық фашистік партиясының көшбасшысы Бенито Муссолинимен салыстырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық