Кентауда әлеуметтік желіде пікір жазған адамды балтамен ұрып кетті
Түркістан облысы Кентау қаласында Instagram-дағы газ құбырын арзан бағаға тарту туралы хабарламаға пікір жазған 21 жастағы Исламбек Мырзахметтің денесі бірнеше жерінен балталаған.

«Көп қан жоғалттым»
Исламбек Мырзахметтің Orda.kz тілшісіне айтуынша, Кентаудағы «Газ-Құбыры-2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Instagram-да қала тұрғындарына газ құбырын арзан бағада тарту жөнінде видео жарнама таратқан. Онда серіктестіктің директоры Жандос Сабыров сөйлеген.
— Газ құбырын тарту бағасы арзан деп халықты шақырмақшы болды. «Айтқан бағаңа тартатын құбырдың өзін сатып ала алмайсың, халықты алдама» деген мазмұнда жарнаманың астына пікір жаздым. Сенбі күні кешке Жандос хабарласты. Дүйсенбі жұмыста боламын дедім. Дүйсенбі жұмысқа екі адам болып келді. Жандосты танып тұрмын. Екінші адам көзілдірік пен бетіне маска тағып алыпты. Екінші адам мені ұстап Жандос асхана балтасымен басыма, арқама, аяқ-қолыма ұра бастады. Көп қан жоғалттым,- дейді Мырзахмет.
Оларды жұмыста көрші отырған адамдар ажыратқан. Жедел жәрдем келіп, қансырап жатқан Исламбекті қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізген. Дәрігерлер кесілген оң қолының қан тамырына ота жасаған.
Исламбек Мырзахметтің ауруханаға түсіп, емделгенін облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.


Қалалық аурухананың медициналық анықтамасына қарағанда, Исламбек Мырзахметтің оң білегі кесіліп, қан тамыры зақымданған. Бірақ онда басы, арқасы мен аяқ-қолындағы жарақаты көрсетілмеген.
«Іс әкімшілік кодекспен тіркелді»
Түркістан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға туралы Кентау қалалық полиция бөліміне ауруханадан хабар түскен. Онда оң қолы кесіліп, қан тамыры зақымданған ер адам туралы жазылған. Жәбірленуші арыз түсіріп, мән-жайды айтқан.
«Қазіргі таңда сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша шешім қабылданады» делінген полиция хабарламасында.
Десе де Исламбек күндіз жұмыс орнында өзін балтамен ұрып кеткен адамдар жазасыз қала ма деп алаңдайды. Оның пікірінше, бұл әрекет «адамның денсаулығына қасақана зақым келтіру». Ол полиция мұны қылмыстық емес, әкімшілік іс ретінде қарап, айыппұл салумен шектеле ме деп алаңдайды.
— Мұны әкімшілік іс деп қарауға келіспеймін. Полиция жұмысына көңілім толмайтыны балтамен ұрып, өміріме қауіп төндірген Жандос әлі бостандықта жүр. Ал мен ауруханадан шыққаныммен денсаулығым жұмыс істеуге жарамай қалды. Денемнің әр жерінде жарақаттың ізі қалып жатыр. Жазған арызыма байланысты полицияның арнайы базасынан кірдім. Онда іс әкімшілік кодекспен тіркелген,- дейді Исламбек Мырзахмет.
Orda.kz «балтамен ұрды» деген «Газ-Құбыры-2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жандос Сабыровтан мән-жайды сұрамақ болды. Алайта телефон тұтқасын көтерген, өзінің кім екенін таныстырмаған адам Сабыровпен сөйлесу мүмкін емес екенін, оның демалысқа шыққанын айтты.
Авторы: Дилара Иса, Шымкент
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық