Кентаудағы қыздар төбелесі: облыстық ПД пікір білдірді
17 желтоқсан күні Түркістан облысы Кентау қаласының полиция бөлімшесіне қала тұрғыны өзінің қызы жанжал кезінде жарақат алды деп шағымданған. Қыздар арасындағы төбелес видеосы желіде тарады.
Түркістан облыстық полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты пікір білдірді.
«Белгілі болғандай бірнеше мектептің жоғары сынып оқушылары мектеп ауласында өзара жанжалдасқан. Нәтижесінде кәмелетке толмаған қыз дене жарақатын алып, ауруханаға орналастырылған. Бұл оқиға бойынша полиция қызметкерлері мен мектеп әкімшілігі жанжалдасқан қыздардың ата-аналарымен кездесіп, 17.12.2021 жылы хаттама түзілген. Құқық бұзған жасөспірімдердің ата-аналарының жауапкершіліктерін қарау мақсатында, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша құжаттар жинақталуда» делінген ПД жариялаған мәтінде.
Жасөспірім қыз дәрігердің рұқсатымен ауруханадан шыққан соң, құжаттар сараптамаға жолданады. Сарапшылардың қорытындысымен заңды шешім қабылданатын болады. Бүгінгі таңда осы іспен айналысып жатқан Кентау ҚПБ ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы оқушы қыздың анасына жолығып, атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар еткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық