Кентауда «Хизб-ут-Тахрир» тобының мүшелері құрықталды
Фото: ІІМ
Кентау қаласында «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының жасырын тобы жойылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімшесі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының 10 мүшесін ұстады.
«Топ мүшелері шетелдік радикалды уағызшылардың, соның ішінде «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының дәрістерін тыңдап, тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған» делінген ІІМ түсіндірмесінде.
Белгілі болғандай, топ жетекшісі бұрын тыйым салынған діни-экстремистік ұйым қызметіне қатысқаны үшін сотталған. Тінту кезінде топ мүшелерінен діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да дәлелдер табылды. Терроризмді насихаттау және діни араздық қоздыру әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Еске сала кетейік, маусым айында «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының екі мүшесі ұсталған болатын. Ал шілде айында осы ұйымның 22 радикалды мүшесі Шымкентте ұсталды.
Айта кетейік, «Хизб-ут-Тахрир» террористік ұйымына Қазақстанда 2005 жылғы 28 наурыздан бастап ресми түрде тыйым салынған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық