Кеншілерден ақша бопсалайтын қылмыстық топ ұсталды
Nege.kz
Қарағанды облысының полицейлері ҰҚК департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Qarmet АҚ-ның жұмыскерлері мен Абай қаласы тұрғындарын бопсалаған қылмыстық топты құрықтаудың екінші кезеңін өткізді, деп хабарлайды Orda.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Еске сала кетейік, кеше ІІМ өткен жылдың желтоқсан айында Qarmet кеншілерін бопсалаған қылмыстық топты ұстағаны туралы хабарлаған. Сол кезде қылмыстық топтың 7 мүшесі қамауға алынды.
Бірнеше қылмыстық істі тергеу барысында ұсталғандарға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық жасау және қатысу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Тергеу кезінде 55 млн өзге де бопсалау деректері анықталды.
Сондай-ақ олардың «Қазақстан Темір Жолы» АҚ нысандарынан тауар-материал ұрлау дерегіне қатысы бары болғаны анықталды. Осыған орай осы жылдың 13 ақпанында ПД-ның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚК департаментінің жедел уәкілдері аталған қылмыстарға қатысы бар тағы да 8 адамды ұстады.
Полиция қызметкерлері 25 тінту жұмысын жүргізіді. Тінту барысында тіркелмеген атыс және суық қару, оқ-дәрілер және діни кітаптар тәркіленді. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.
ІІМ-нің аталған бағыттағы жұмыстар жіті бақылауында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық