Кенесары ханның бас сүйегі табылды
Бір-біріне тәуелсіз үш дереккөз Orda.kz-ке Кенесарының бас сүйегі ілеспе құжаттарға сәйкес табылып, генетикалық сараптамадан кейін Қазақстанға қайтарылатынын растады.
Соңғы қазақ ханы Кенесарының бас сүйегі Омбы қаласындағы музейлердің бірінен табылды. Оның түпнұсқалығын құжаттар, атап айтқанда экспонаттың төлқұжаты растайды. Онда шығу тарихы: бұл экспонат қайдан және қандай жағдайда келгенін, кімге тиесілі, сыртқы түрі мен мөлшері жазылады. Бірақ Орда дереккөздерінің түсіндіруінше, нақтылау үшін кейбір құжаттар аздық етеді. Қазір жүргізіліп жатқан генетикалық сараптама қажет. Ол аяқталғаннан кейін, оң нәтиже болған жағдайда, тарихи оқиға ресми түрде жарияланады. Егер, әрине, айтулы оқиға Кенесарының келесі жылы болатын 220 жылдық мерейтойына тұспалдап қоймаса....
Бас сүйек бірнеше ондаған жылдар бойы көптеген қоғамдық ұйымдардың өтініші бойынша ізделген еді. Негізінен іздеу жұмыстары Санкт-Петербургте жасалды. Аңыз бойынша революциядан кейін ханның басы сонда көшірілген. Бұл деректердің жалған болуы да мүмкін, себебі кейбір ақпарат көздерінің айтуынша, экспонат Омбыдан ешқайда шығарылмаған.
Бас сүйектің өзі де, оны іздеу де көптеген жылдар бойы құпиялар мен аңыздарға толы болды. 7 сәуір Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов Facebook парақшасында Кенесары ханның бас сүйегі табылып, Қазақстанға қайтарылатыны туралы жазған болатын. Бірақ бірнеше сағаттан кейін жазба өшіріліді. Біз анықтағандай, ол шындықты жазған. Ол Қазақстандық тарихшылар тобының құрамында Омбыға шақырылды. Сапар жасырын түрде өткізілді. Ғалымдарға құнды экспонат пен оның түпнұсқалығын растайтын құжаттар көрсетілді.
Содан кейін шілде айында Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесуде күтпеген жерден Ресей президентінен қазақтар үшін қасиетті жәдігерді іздеуге жәрдемдесуді сұрады. Осындай жоғары деңгейде бұл мәселе алғаш рет көтеріліп, бұл бас сүйек әлі де табылды деген үміт оянды.
Неліктен көп жылдар бойы табылмаған бас сүйек дәл қазір табылды? Бұл кездейсоқтық емес. Іздеу жұмыстарына премьер-министр болған кезінде Кәрім Мәсімов жеке қызығушылық танытып, демеушілік етті. Яғни, жұмыс көптеген жылдар бойы жүргізілді.
Енді соңғы және шешуші сөз генетиктерте. Тек олардың сараптамасы ғана Омбы мұражайларының бірінен табылған бас сүйек шын мәнінде Қазақ хандығының соңғы ханы, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлына тиесілі екенін растайды.
Біз зерттеуге қандай зертхана тапсырыс бергенін және генетикалық материалды нақты немен салыстыратынын анықтай алмадық.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық