Кенесары хан үшін кешірім сұраған қырғыз әншісі өз елінде сынға ұшырады
Фото: YouTube/ AiranMedia/ видеодан кадр
Қырғызстанның белгілі әншісі Қайрат Примбердиев өзіне қатысты қоғамда туындаған дау-дамайға түсініктеме берді, деп жазады Orda.kz.
Kaktus.media мәліметінше, әншінің «Airan» YouTube-арнасына берген сұхбатында ол Кенесары ханның басын алу оқиғасын қозғап, осы жағдай үшін қазақ халқынан өз атынан кешірім сұраған.
«Ормон хан Кенесары ханның басын алуға мәжбүр болды. Мен өз атымнан қазақ халқынан осы оқиға үшін кешірім сұрағым келеді. Бұл оқиға мен үшін де ауыр, тіпті көзіме жас келеді. Біз Кенесары ханның басын өз еліне жеткізіп, Құран оқып, осы оқиғаға қатысты ренішті жоюымыз керек», – деді әнші сұхбат барысында.
Осы сөздерден кейін Примбердиевтің айтуы бойынша, оның айтқан сөздеріне қатысты әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер мен қарсылықтар пайда болған. Бірқатар қолданушылар әншінің бұл тақырыпты көтергенін орынсыз деп есептеді. Осыдан кейін Қайрат өзінің Instagram парақшасында видео арқылы жағдайды түсіндіруге мәжбүр болды.
«Мен сұхбат бергенде, мен бүкіл қырғыз халқынан емес, тек өз атымнан кешірім сұрадым, бұл өз сөзім. Менің сұхбатым бір сағаттан астам уақытқа созылды, бірақ мүмкін форматқа байланысты шығар, дегенмен тек менің кешірім сұраған сөзім, қысқа үзіндісі ғана жарияланды. Егер сұхбатты толық тыңдасаңыз, менің сөздерімнің мәні, оның шынайылығы мен адал ниетім түсінікті болар еді», — деді әнші видео хабарламасында.
«Мен Кенесары ханның 1845 жылы қырғыз жеріне жасаған жорығы туралы айттым, Ормон ханның басын алу себебін түсіндірдім. Бұл тарих жайлы жалпы ақпарат болды. Қазіргі уақытта мен редакциядан толық сұхбаттың видеосын сұрадым, себебі қырғыз бауырларымның арасында түсініспеушіліктер туындап жатыр. Мен өз парақшама осы оқиғаға байланысты зілді пікірлер мен дөрекі сөздер жазылып жатыр, мен оларды түсінемін. Сіздерге ауыр болғанын түсінемін, бірақ менің сөздерім жақсы ниетпен айтылды», — деп қосты ол.
Қайрат Примбердиев сұхбаттың толық нұсқасы жақын арада жарияланып, қырғыз халқы оның сөздерін толық түсінетініне үміті бар екенін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық