Кене маусымы: дезинфекциялық препарат сатып алуға 59 млн бөлінді
Жақында көптен күткен көктем аяқталғанымен кене шағу маусымы әлі бітпейді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
2021 жылы ІІ тоқсанда 3 275 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген. Көз жұмғандар тіркелмеген.
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Orda.kz редакциясы кенемен күреске қандай күш салынғаны туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен сұрап, білді.
Жыл басынан бастап кенеге қарсы профилактикалық шаралар ретінде вирустық кене энцефалитімен сырқаттанудың алдын алу мақсатында медициналық ұйымдар мынадай іс-шараларды ұйымдастырды және жүргізеді:
- ауру жағдайларын және кене шаққаннан зардап шеккен барлық адамдарды тіркеу және есепке алу;
- ауруды диагностикалау;
- емдеуге жатқызу;
- науқастарды емдеу және ауырып сауыққан адамдарды бақылау;
- егуге жататын контингентті иммундау.
Кене энцефалитінің табиғи ошақтарында орналасқан аумақтарына Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласының төңірегі жатады.
Табиғи ошақтарда өңдеу жұмыстарын жүргізуге дезинфекциялық препараттарды сатып алуға бюджеттен 59 млн астам қаражат бөлінді.
Бұл қаражаттың жеке секторларға қатысы жоқ.
Жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес жүйелі негізде профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге міндетті.
Республикалық маңызы бар қалаларда профилактикалық жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық