Келіншек өзіне тиіскен ер адамды балағаттағаны үшін жауапқа тартылды
Душанбеде 25 жастағы блогер әйел Манижа Назарова көшеде өзін қорлаған ер адамға тіл тигізгені үшін 420 сомони (37,2 доллар) айыппұл төледі.
«Настоящее время» басылымының хабарлауынша, Назарова жолдан өтіп бара жатқанда белгісіз жас жігіт оның қолынан ұстап алған.
«Мен «не істеп жатырсың» десем, аузына келгенін айта бастады. Мен барлығын жазып алып, өзім де ашу үстінде біраз заттар айттым. Ішкі істер министрлігі менің сөзімді қорлау деп тауып, айыппұл салып, фотомды өз сайтында жариялады» деді Манижа Назарова.
Полицейлер келіншекке тиіскен ер адамды ұстап, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бес күнге қамауға алды. Сондай-ақ, Манижаның сөздерін қорлық деп танып, оған айыппұл салып, блогердің суретін өздерінің сайттарында жариялаған.
Назарова сайтта оның суретін жариялағаны үшін Душанбе Ішкі істер министрлігін сотқа бермек. Оның айтуынша, бұл оның ар-намысына, абыройына және жеке өміріне соққы болған.
«Бір айдан кейін тойым болу керек еді. Күйеуімнің бүкіл отбасы осы жазбаның астынан менің фотомды көрді. Полиция сайтында сіздің фотосуретіңізді көргенде, қаласын-қаламасын кез келген адам сізді қылмыс жасады деп ойлайды. Көбісі ақпаратты соңына дейін оқымайды, сіздің суретіңізді көреді, соның өзі жеткілікті. Енді тойым болмайтын болды» деді Манижа Назарова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық