Келінінің бетін ыстық шанышқымен күйдірген қайын апасы кешірім сұрады
Түркістан облысында қайын апасы 40 жастағы келінінің бетін ыстық шанышқымен күйдірген. Мұндай «жаза қолдануына» келінінің газ плитасын жумағаны себеп болған.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Журналист Гүлмира Әбіқай жәбір көрген Гүлзира Баударбекова есімді келіншектің туғаннан ақыл-есінде ерекшелігі бар екенін, ата-анасынан жастай жетім қалғанын жазды.
– Гүлзира туғаннан ақыл-есі кеміс, адам баласына агрессиясы жоқ. Еңбекқор, жұмысқа төзімді, сауаты жоқ, ақша санай алмайды. Кім не айтса, соны істеп еріп кете береді. Ата-анасы бала кезде қайтыс болған жетім қыз. Өзі сынды жарымжан жігітпен бас қосты, 2 баланың анасы, - деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Ақыл-есі кем келінінің бетіне шанышқы басқан қайын апасы бейнежазба жариялап, мұндай әрекетке ашу үстінде барғанын жеткізді. Сондай-ақ, өзінің әрекеті үшін халықтан кешірім сұрады.
– Келініме вилка басқан кезде байқамай қалдым. Ыза-күйікпен, ашуланып істедім. Шешем газ плитаны жу деген екен: «Неге соны жумайсың, жуа салмайсың ба?» дедім. Газ плитаға вилканы қалай қыздырып басқанымды өзім білмей қалдым. Қазақстан халқынан, көріп отырған көрерменнен кешірім сұраймын. Енді мұндай қайталанбайды, - деді қайын апасы Бағила Кәрібай.
Түркістан облысының Полиция департаменті желіге жарияланған жазбаны бірден назарға алынып, қажет шараларды бастады.
– Негізі бүгінге дейін Отырар АПБ-ға осы жазбадағы жайт бойынша ешкім арызданбаған және хабарлама түсірмеген. Десе де бұл жайт ПД бастығының жеке бақылауына алынды. Отырар АПБ полицейлермен заң аясындағы тексеру жұмыстарының барлығы іске асырылып жатыр. Қосымша хабарлайтын боламыз, - деді ПД өкілдері.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық