Келесі аптада Алматы мен екі облыста 3-3,5 балға дейін жер сілкінісі болуы мүмкін
2023 жылдың 10 наурызында Сейсмология институтында өткен брифингте сейсмикалық болжау комиссиясының кезектен тыс отырысының қорытындысы таныстырылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ Сейсмология институтының баспасөз қызметі.
Болжам комиссиясының қорытындысы бойынша алдағы аптада Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысында сезілу қабілеті 3-3,5 балға дейін аздаған жер асты дүмпулері болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта Алматы болжамдық қамту аумағында (Алматы, Алматы облысы және Жетісу облысы) 47 станса жұмыс істейді.
Сейсмология институты Қазақстан Республикасындағы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы жетекші ұйым ретінде белгілі.
Институт базасында тұрақты болжау комиссиясы жұмыс істейді, оның құрамына төрт ғылыми зертхана қызметкерлері мен Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы (СЭТМ) қызметкерлері кіреді.
Брифинг қорытындысы бойынша Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев биылғы жылы Алматы болжамды диапазон аумағында күшті және жойқын жер сілкінісі болмайтынын айтты.
Сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеодинамикалық, геохимиялық және басқа да деректер (200 параметрге дейін) тұрақты бақылауға алынады, біріктірілген бақылау стансалар желісінен күнделікті қабылданады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық