Кейбір қазақстандықтардың несие төлемі екі есе азаяды
Фото: freepik.com
Елімізде кейбір қазақстандықтардың ай сайынғы несие төлемі екі есе азаяды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрағасы Мадина Әбілқасымова қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды одан әрі күшейту жөніндегі шараларды ұсынды.
Әбілқасымованың айтуынша, заңнамалық деңгейде қаржы ұйымдарының биылғы 1 шілдесінен бастап енгізілген ұлттық стандартты ескере отырып, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету міндеті енгізіледі.
«Қаржы ұйымдары да мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс істеудің ішкі тәртібін бекітуге міндетті болады. Олар қаржы ұйымдарында қызмет алған кезде сенім білдірілген адамды тағайындай алады», - деді Мәжілістің жалпы отырысында ҚНРДА төрағасы.
Сонымен қатар мерзімі өткен кредиттер бойынша берешекті реттеу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан, сондай-ақ төтенше жағдай енгізу нәтижесінде зардап шеккен азаматтарды қорғаудың қосымша шаралары көзделген. Мадина Әбілқасымова азаматтардың осы санаттары үшін қарыздар мен микрокредиттер бойынша кемінде үш ай мерзімге міндетті түрде кейінге қалдыру, сондай-ақ ай сайынғы төлемді 50 және одан да көп пайызға төмендету көзделгенін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық