Кедендегі алымдардың жаңа жүйесі туралы белгілі болды
Алматы облысында «Eurotransit Nur Zholy» ЖШС-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті компания басшылығын «қызмет көрсету құнын заңсыз көтерді» деп айыптаған.
Агенттіктің хабарлауынша, «Eurotransit Nur Zholy» ЖШС Қытай Халық Республикасының нейтралды тұсынан Қазақстанға жүк таситын жалғыз оператор болғандықтан, қызметінің құнын заңсыз өсіріп жіберген.
«Компанияға тиесілі жүк көліктері ҚХР-дің бейтарап жағынан тауар тиеп келіп, ЖШС қоймасына түсірген. Осылай сәт сайын қайталана береді. Әр рейстің (ұзақтығы 3 шақырым) құнын компания заңсыз белгілеген. Монополиялық қызметтің нәтижесінде компания 4,2 млрд теңге заңсыз пайда тапқан» делінген агенттік хабарламасында.
Бір қызығы, тергеу кезінде ЖШС-ның басшылығы кінәсін толық мойындап, компанияның 3,6 гектар жері мен көлік-логистикалық кешенін мемлекеттің пайдасына өткізіп беру туралы өтінім жасаған. Кешеннің құны – 5,3 млрд теңге.
Қытай мен Қазақстан шекарасын «сауын сиырға» айналдырған «Eurotransit Nur Zholy» ЖШС-ға қатысты тергеу басталғаны өткен жылдың сәуірінде белгілі болған.
Nege.kz порталының хабарлауынша, «Eurotransit Nur Zholy» ЖШС-ның соңғы бенефициары – Дариға Назарбаеваның екінші күйеуі Қайрат Шәріпбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық