Kcell деректерді қорғау саласындағы сенімділігін растады
Фото: Kcell
Жылдам цифрландыру дәуірінде деректерді қорғау мәселесі басымдық қана емес, бизнестің тұрақты дамуы үшін міндетті шартқа айналды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Кселл» АҚ ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құру, енгізу және жетілдіру үдерістерін реттейтін әлемдік жетекші стандарт - ISO/IEC 27001:2022 халықаралық сертификатын алды.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету — жаңа қатерлер мен технологиялық өзгерістерге үнемі бейімделуді талап ететін үздіксіз процесс. Бұл сертификат «Кселл» АҚ-ның киберқауіпсіздік саласындағы кемелденуін растайды және компанияның құпия деректерді қорғауға, тиімді қауіпсіздік шараларын енгізуге бейілділігін көрсетеді», — деп атап өтті компанияда.
ISO/IEC 27001 стандарты жабдық немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдаумен шектелмейді — ол ақпараттық қауіпсіздікті басқару үдерістерінің құрылу қағидасын анықтайды. Оның негізгі бағыттарына тәуекелдерді басқару, қолжетімділікті бақылау, оқиғалар кезінде әрекет ету, бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету және рәсімдерді тұрақты жетілдіру кіреді.
Baltum Bureau халықаралық сертификаттау органы берген құжат компанияның әлемдік нормаларға сәйкестігін растайды және бүкіл әлем бойынша сертификатталған ұйымдарды біріктіретін IRQAO жаһандық тізіміне енгізілгенін дәлелдейді.
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсыну жөніндегі қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 5G желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 48,84% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.
Cеріктестік материал
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық