ҚазҰУ «студенттерінің пәктігі» туралы тізім: университет басшылығы журналистерді кіргізбеу туралы тапсырма берген
Фото: Ашық дереккөзден
ҚазҰУ-дағы механика-математика факультетінің өкілдері басшылыққа сілтеп, журналистерге ақпарат беруден ат тонын ала қашты, деп хабарлайды Orda.kz порталы Masa Media порталына сілтеме жасап.
Күзетші басшылықтан «ішке журналистерді кіргізбеу» туралы нұсқау түскенін айтты.
Тегін айтудан бас тартқан Нартай есімді ректорат күзетшісі университеттің баспасөз қызметінің өкілі Алмат Исәділдің шықпайтынын мәлімдеді. Исәділ оған телефон арқылы журналистер сұрағына Жастар ісі бойынша департамент басшысы Жұлдыз Дәпенова жауап беретінін жеткізген.
Журналистің «Дәпеновамен қалай байланысуға болады?» деген сұрағына күзетші оның ұялы телефоны жоқ екенін, жұмыс телефонын ешкім көтермейтінін айтты. Біраз уақыттан кейін «Жұлдыз Дәпенова қазір өзге БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп жатыр, қашан келетіні белгісіз»,- деді.
Факультет студенттерінің кейбірі тізімді көрмегенін, ондай жаңалықтан бейхабар екенін айтса, кейбірі тізімді өз көзімен көріп, таң қалғанын жеткізді. Алайда барлығы чатта студенттердің флюрографиядан өту туралы тізім тарағанын растады.
«Тізімді көріп, таң қалдым. Бізді осыған байланысты деканатқа шақырып, ешқандай жиын өткізген жоқ. Мүмкін қыздарды шақырған шығар. Ол жерде негізінен қыздардың аттары ғой», – деді факультет студенттерінің бірі.
Еске салайық, 13 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі старосталар чатына 200-ге жуық студенттің жеке дерегі жазылған құжат жіберілгені жөнінде ақпарат тараған. Онда студенттердің аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірлерінен басқа гинекологиялық деректері, оның ішінде студенттердің пәктігі жөнінде мәлімет те болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық