«Қазселденқорғаудың» бұрынғы басшысы бірнеше рет пара алу ісі бойынша ақталды
Фото: sayasat.org
Қазылар алқасы бірнеше рет пара алды деп айыпталған «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевты ақтады. Оның бұрынғы орынбасары 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Оrda.kz Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот материалдарына үңілсек, 2019 жылы 4 наурызда «Ашық конкурс» тәсілімен өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша «Bazis Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіске жетіп, құрылыс-монтаждау жұмыстары нысанының 060-103-431 ерекшелігі бойынша жалпы сомасы 30 339 481 680,48 (отыз миллиард үш жүз отыз тоғыз миллион төрт жүз сексен бір мың алты жүз сексен теңге қырық сегіз тиын) теңге болатын жұмыс бойынша №32 мемлекеттік сатып алу шартын жасайды.
2022 жылы 26 қазанда аталған №32 шартқа, тапсырыс беруші атынан №15 қосымша келісім жасалып, шарттың жалпы сомасы 39 212 050 197,80 (отыз тоғыз миллиард екі жүз он екі миллион елу мың бір жүз тоқсан жеті теңге сексен тиын) теңгеге өзгертіледі.
2022 жылдың соңына дейін іс жүзінде 2023 жылға көзделген бюджет қаражатын игеру мақсатында 2022 жылы 6 желтоқсанда №16 қосымша келісім жасалады. Келісім бойынша №32 Шарттың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда өзгертіледі: «Қазынашылық аумақ органында Шарт 2022 жылға - 18 713 759 224,63 (он сегіз миллиард жеті жүз он үш миллион жеті жүз елу тоғыз мың екі жүз жиырма төрт теңге алпыс үш тиын) теңге - 060 бюджеттік бағдарламаның 103 кіші бағдарламасы бойынша 431 «Жаңа нысандар салу және қолда бар нысандарды реконструкциялау» ерекшелігі бойынша тіркелуге жатады, осылайша 5 276 829 160,63 теңге көлеміндегі игеру сомасы 2023 жылдан 2022 жылға қайта бөлінеді.
2022 жылдың кезеңінде мемлекеттік мекеме атынан Тапсырыс берушінің өкілі А.Б. Ахатаев болған, ол тікелей К. Көкірекбаевқа бағынған. Ал мердігер атынан «Bazis Construction Infr» ЖШС филиалының директоры А.В.Поплавский болған, ол орындалған жұмыс актілеріне қол қою және мердігер ұйымның шоттарына қаражат аудару рәсімін толық көлемде бақылаған.
Мемлекеттік қызметші А.Б.Ахатаев «Bazis Construction Infr» ЖШС филиалының директоры А.В. Поплавскиймен құрылыс нысаны бойынша игерілген бюджет қаражатының жалпы сомасының 5%-ын ақша түрінде пара алу және беру туралы келісімге келген. 5% пара екі бөлікке бөлініп, яғни 3%-ы басшы ретінде К. Көкірекбаевқа және 2%-ы оның орынбасары ретінде А. Ахатаевқа тиесілі болған.
Жалпы 5 276 829 160,63 теңгенің 5% - ы 800 321 АҚШ доллары болған («461,97» бағамы бойынша 293 175 863,37 теңгеге тең). 2022 жылы 26 желтоқсанда А.Б. Ахатаевтың Алматы қаласы, Медеу ауданы, Омаров көшесі №25/1 үйінде сағат 14-00-де А.В. Поплавский оған 397 621 АҚШ долларын берген («461,97» курсы бойынша баламалы 183 688 973,37 теңге) оның ішінде К.Н.Көкірекбаевтың үлесі 237 000 АҚШ доллары («461,97» бағамы бойынша 109 486 890 теңгеге тең) А.Б. Ахатаевтың пәтерінен алынған.
Сот үкімі:
- Көкірекбаев өзіне тағылған айыптар бойынша ақталды;
- Оның бұрынғы орынбасары Ахатаевқа ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған сәйкес мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды;
- Поплавский ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкім жарияланған күннен бастап - 15 күн ішінде аудандық сот арқылы Алматы облыстық сотына шағым және наразылық келтіруге болатынын түсіндірді.
«Прокуратура Қ.Н.Көкірекбаевқа қатысты үкімге шағымданады» деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық