«ҚазМұнайГаз»: West Oil Жетібайдағы ереуілдетіп тұрған жұмысшылармен келісім-шартты үзуге дайын
Фото: Ашық дереккөзден
Маңғыстау облысы Жетібайда West Oil Software желтоқсаннан бері ереуілдетп тұрған жұмысшыларымен "келісім-шартты үзуге дайын" деп хабарлайды Orda.kz порталы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
11 желтоқсаннан бері Жетібай кентінде West Oil Software компаниясының жұмысшылары ереуілдетіп тұр.
Олар компанияны "ҚазМұнайГаз" құрылымына қосуды, ЕСОТ жүйесіне сәйкес жалақыны теңестіруді, техниканы жаңартуды талап етеді. Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» техниканы жаңарту туралы талаптан басқаларын орындай алмайтынын мәлімдеген болатын. Ал West oil жұмысшылары шарасы таусылғандықтан Астанаға өкілдерін жібергенін, сонда да мәжіліс депутаттарымен жолыға алмағанын айтқан.
«ҚазМұнайГаз» ереуілге шыққан 200 жұмысшының 80-і жұмыс орнына оралғанын, ал қалғаны әкімдік пен "ҚазМұнайГаздың" келіссөзге шақыруына назар аудармай отырғанын мәлімдеді.
Ұлттық компания West Oil Software ереуілдің салдарынан 1 млрд теңге шығынға ұшырағанын айтады. «ҚазМұнайГаз» жұмыс беруші еңбекақы және әлеуметтік төлем бойынша барлық міндетін орындап отырғанын, 2023 жылы West Oil Software жұмысшыларының ең төменгі жалақысы 380 мың теңге екенін, ал жоғары жалақысы 890 мың теңге болғанын алға тартады.
Жұмысшылар бұған дейін де өздеріне қысым жасалып жатқанына шағымданған. Ал Қарақия аудандық соты ереуілді «заңсыз» деп тапқан. Жұмысшылар сот шешіміне келіспей апелляциялық шағым түсірген, бірақ Маңғыстау облысының соты да ереуілді "заңсыз" деп шешкен.
West Oil Software компаниясы 12 қаңтарда кәсіпорын «шығынға батқанын» алға тартып, «жұмысқа оралмаған ереуілшілерді 12 қаңтардан бастап» жұмыстан шығаратынын ескерткен еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық