«ҚазмұнайГаз» ресей хакерлерінің шабуылы жайлы деректі жоққа шығарды
Фото: Elements Envanto
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы шетелдік БАҚ-та жарияланған, ресейлік хакерлер ҚМГ компаниясының цифрлық инфрақұрылымына шабуыл жасады деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
«ҚазМұнайГаздың» баспасөз қызметінің Orda.kz сайтына берген жауабында, шетелдік басылымдар жоспарлы қауіпсіздік тексерісін кибершабуыл деп санағанын хабарлады. Олардың нұсқасы бойынша бұл жай тексеріс.
«2025 жылдың мамыр айында ҚМГ ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша қызметкерлердің хабардарлығын тексеру, бағалау және арттыру мақсатында жоспарлы ішкі іс-шара өткізді. Әсіресе, Ақпараттық қауіпсіздік операциялық орталығы мен ҚМГ Ақпараттық қауіпсіздікті жедел басқару орталығы тарапынан қатерлерге жедел әрі дұрыс әрекет ету дағдыларын саралауға баса мән берілді», – деп мәлімдеді ұлттық компания.
ҚМГ дерегінше, бұл «оқу-жаттығу» түріндегі хакерлік шабуылдың үлгісі болған. Ол компания ішінде ресми түрде мақұлданып, қызметкерлердің нақты қатерлерге дайындығын бағалау үшін өткізілген.
«Оқу-жаттығу шарасы туралы жауапты тұлғалар мен мүдделі тараптар алдын ала білді. Шара қорытындыларына жасалған кешенді бағалау негізінде ҚМГ тобының бөлімшелеріне ақпараттық қауіпсіздікті одан әрі күшейтуге бағытталған нақты ұсыныстар жолданды», – деп жазды компания Orda.kz-ке жолдаған жауабында.
ҚМГ ақпараттық қауіпсіздік жүйесін нығайту жұмыстарын жалғастыра беретінін мәлімдеді.
Бұған дейін бірнеше шетелдік салалық сайттар ҚМГ-нің цифрлық инфрақұрылымына мамыр айында хакерлер шабуыл жасағаны жөнінде ақпарат жариялаған болатын. Шетелдік БАҚ бұл шабуылды ресейлік Noisy Bear атты топ ұйымдастырды деп көрсеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық