«ҚазМұнайГаз» бен «Татнефть» «Қаратон Подсолевой» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын бастайды
«ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ Атырау облысындағы «Қаратон Подсолевой» жер қойнауы учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін бірлескен кәсіпорын құрады.
21 ақпанда Қазан қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ арасында келісім жасалды. Келісім аясында «Қаратон подсолевой» жобасын жүзеге асыруға байланысты сатып алу-сату шарты жасалып, акционерлер және қаржыландыру туралы келісімді қамтитын құжаттарға қол қойылды.
«ҚазМұнайГаз» АҚ «Татнефть» ЖАҚ-ға Karaton Operating Ltd компаниясының 50% үлесін сатады. (Қаратон Подсолевой жобасының операторы).
Құжаттарға «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Мағанов қол қойды.
«Мемлекет басшысы шикізат секторы мен геологиялық барлау жұмыстарына шетел инвестициясын тарту міндетін қойды. Осыған байланысты біз бірқатар инвесторлармен келіссөз жүргіздік және «Қаратон Подсолевой» жобасындағы серіктесіміз мұнай-газ кен орындарын геологиялық барлау және игеру саласында үлкен тәжірибесі бар «Татнефть» компаниясына айналғанына қуаныштымыз. Тереңдігі 5500 метр болатын бірінші барлау ұңғымасын бұрғылау 2024 жылға жоспарланған»,- деді Мырзағалиев.
Мағанов ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, «ҚазМұнайГазға» серіктестікке шақырғаны үшін алғысын білдірді.
«Біз қазақстандық әріптестерімізбен әртүрлі салаларда тиімді өзара әрекеттесеміз және жемісті ынтымақтастығымыздың кеңейіп жатқанына қуаныштымыз. Біз «ҚазМұнайГазға» серіктестікке, оның ішінде геологиялық барлау саласына шақырғаны үшін алғыс айтамыз»,- дейді Мағанов.
«Қаратон Подсолевой» учаскесі Атырау және Маңғыстау облыстарында «Ембімұнайгаз» АҚ жұмыс істеп тұрған кен орындары жанында орналасқан.
2023 жылдың маусымында «ҚазМұнайГаз» Қаратон Подсолевой жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге келісім-шарт алды. Ал 2023 жылдың қыркүйегінде жобаны жүзеге асыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағында «Karaton Operating Ltd» жеке компаниясын тіркеді. Сол жылдың қараша айында ҚМГ жер қойнауын пайдалану құқығын Karaton Operating Ltd компаниясына берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық