«Казиноға барады, 2 қабатты үйі бар»: қайыршылардың шынайы бет-бейнесі ашылды
Фото: freepik.com
Қайыршылықты кәсіпке айналдырған адамдар өз өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды Orda.kz.
Airan YouTube арнасында қайыршылықты кәсіп қылғандар сұхбат берді. Олардың айтуынша, бұл лас жолға көбі ішімдік кесірінен түседі екен.
«Мен жалғыз қасқырмын. Жалғыз жүремін. Әйелім 10 жыл бұрын өмірден өтті. Соны көтере алмай қалдым. Кішкентай стақанның ішіне түсіп, қайта шыға алмай қалдым ғой. Қарным тоқ. Адамдар береді. Мынау ішімдігіңе, мынау тамағыңа деп беріп кететіндер де жетеді. Мұсылмандар бар ғой. Қалың киіміне дейін беріп кетеді», - дейді Тәуекел есімді азамат.
Қайыршылардың арасында өзбекстандық азаматтар да табылды. Бірақ олар қайыршылықтан бөлек бөтелке жиып күн көреді екен.
«Малшы болып істедім. Ақшамды бермей, қуып шықты. Талғардан Алматыға келдім. Бос бөтелкелерді сатып күн көремін. Қолымнан келмейтіні жоқ қой негізі. Бәрін істей беремін. Түнде көпқабатты үйдің бірінің ең жоғарысына барып жатамын. Жұрт көріп қоймасын деймін. Бір күні базарда туысқанымды көріп қалдым. Танымаған сияқты амандасты да өтіп кетті. Жағдайымды да сұрамады. Ал қазақтардың бәрі жақсы. Не сұрасаң береді. Пейілі кең», - дейді өзбекстандық азамат.
Алматыдағы вокзал маңында бір топ қайыршы жеке дара күн кешіп келеді. Олар бөтенді қатарға қоспайтындарын, реті келсе қуып жіберетіндерін айтты.
«Мен 11 жасымнан бері осы жолдамын. Шыға алмаймын. Көп уақыт жұмыс та істей алмаймын. Осы жерге келіп қала беремін. Бұл жерде көп адам өліп кетті ғой. Бірі суықтан, бірі арақтан. Қаншама адамды көрдік қой. Әркімнің әртүрлі тағдыры бар. Біз «бер, бермен» жүреміз. Күніне 15 мың табамын. Біреудің 50 теңге, 100 теңгесінен сол ақша құралады. Елге ризамын. Береді. Тамаққа дейін алып келеді», - дейді лақап аты Малыш атты азамат.
Қайыршылықты күнкөріс көзіне айналдырғандардың өзі «бокзалдық», «саяхаттық», «сайрандық» деп бөлінеді екен. Тіпті араларында үйі бар, жағдайын жасап алған азаматтар да бар көрінеді.
«Түнде Қапшағайға барып казино ойнап келетіндер бар. 2 қабат үйі барлар да осы жерде жүр. Түнде 50 шақты адам жатамыз. Бәрі түнде жиылады», - дейді олар.
Қайрышылықпен айналысқандар осы өмірді таңдайтындардың қарасы көбейіп жатқанына алаңдаулы. Тіпті адасқан адамдарды бұл азаматтар ақылын айтып, түзу жолға салуға тырысатындарын жасырмады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық