«Казинода астыртын әрекеттер жасаған»: Сиднейде қазақстандық ерлі-зайыпты ұсталды
Фото: NSW Police
Қазақстандық ерлі-зайыпты Сиднейдегі казинода 1,18 миллион доллар көлемінде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Полиция мәліметінше, казино қызметкерлері 36 жастағы қазақстандық әйелдің киімінен жасырын мини-камераны байқап қалған. Күзетшіге хабар берілгеннен кейін оқиға орнына полиция шақырылып, әйел мен оның 44 жастағы күйеуі ұсталды.
Тінту барысында олардан магнит күшін өлшейтін құрал, батареялар және жасырын түсіруге арналған арнайы телефон құрылғылары табылған. Сондай-ақ, ерлі-зайыптыдан ұялы телефонға жалғанатын шағын айнасы бар адаптер тәркіленді. Сиднейдегі жалдамалы пәтерінен қосымша ойын құрылғылары, әшекей-бұйымдар және 2 мың еуро табылған.
Полицияның дерегі бойынша, олар Аустралияға осы жылдың қазан айында келіп, сол уақыттан бастап бірнеше рет қомақты қаражат ұтып, күдік тудырған.
Айта кетейік, қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлделермен оралды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық