«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге 38 миллион теңгеден астам қаржыны қайтарады
«ҚазАвтоЖол» ақылы жолдармен жүріп өткен 70 мыңға жуық автокөлік жүргізушілеріне ақшасын қайтарады.
Бұл туралы көлік прокуратурасы хабарлады.
Қарағанды қаласының көлік прокуратурасы көлік жүргізушілерінің құқығын таптайтын норманы анықтады. Ақылы жолдармен жүру шарттары туралы Қоғамдық келісімде көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін ауыстырған кезде жүргізушілер пайдаланбаған төлемдерді қайтаруға болатын тармақ жоқ болып шықты.
«Бүгінгі жағдай бойынша тиісті түзетулер енгізілді, олар ақпарат үшін «ҚазАвтоЖол» АҚ ресми сайттарында (www.qaj.kz, www.1403.kz) орналастырылды» деп атап өтті ведомства.
Прокуратура жүргізген талдау Қарағанды облысында 69 мың адамға 38 миллион теңгеден астам аванстық төлем қайтарылмағанын көрсетті.
«Осы қызметтердің 138 мың тұтынушысының үш жыл ішінде жалпы сомасы 50 миллион теңге қарызы жиналып қалғаны белгілі болды. Көбінесе борышкерлерге қатысты материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін көліктік бақылау инспекциясына жіберілмеген» деп түсіндірді қадағалау органы.
«ҚазАвтоЖол» АҚ филиалының басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде жол жүру ақысын төлемеген автокөлік жүргізушілеріне қатысты әкімшілік шара қолданбағаны үшін.
Мұндай жұмыстар еліміздің қалған барлық өңірлерінде де жүргізілмек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық