"ҚазАвтоЖол" филиалының бас маманы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты
Фото: ҚазАвтоЖол
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Сақтапберген Сыдықов қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болды.
Оқиға 10 ақпанда сағат 14:00 шамасында Самара – Шымкент автожолында Арал ауданы Сазды ауылы маңында қозғалыс қайта жанданған уақытта болған. Қатты жылдамдықпен келген Toyota Alphard көлігі жол бойында тоқтап тұрған көлікке соқтығысқан, сол уақытта автокөлік ішінде компания қызметкері жұмыс істеп отырған. Ол салдарынан сол жерде тілге келместен жан тапсырды.
"Марқұм Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып, компанияда 6 жылдан астам жұмыс істеп, өзін адал, кәсіби қызметкер ретінде танытты. Сақтапберген Сыдықовтың артында төрт баласы мен жары қалды. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қызметкерлері марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады, артында қалған отбасына компания тарапынан барлық қажетті қаржылық қолдау көрсетіледі" делінген "ҚазАвтоЖол" компаниясы таратқан хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық