«Қазатомөнеркәсіп» кенішінде күкірт қышқылының төгілгені расталды
Фото: elements.envato.com
«Қазатомөнеркәсіптің» еншілес кәсіпорны «Заречное» БК» АҚ басшылығы оның кенішінде топырақтың күкірт қышқылымен ластанғанын мойындады. Бұған дейін әлеуметтік желіде кәсіпорын маңында түсірілген қорқынышты видеолар пайда болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Біздің өтінішімізге жауап ретінде «Заречный» басшылығы атышулы бейнероликте көрсетілген жерлерден ешқандай заң бұзушылық табылмағанын атап өтті. Дегенмен олар басқа аймақта күкірт қышқылының топыраққа төгілгенін тіркеді. Тексеру қорытындысы бойынша Түркістан облысының экология департаменті кәсіпорынға 1,8 миллион теңгеден астам айыппұл салды.
Компания қышқыл төгілген аумақты қоршап, ол жерден ластанған топырақты алып тастағандарына сендірді. Алаң қалпына келтіріліп, одан кейін шахта бұл жұмыстың нәтижесі туралы табиғатты қорғау басқармасына есеп беруі тиіс.
Тексеру барысында жауапты қызметкерлердің күкірт қышқылы төгілгені туралы бірден хабарламағаны анықталыпты. Сондықтан бұл оқиғаға дер кезінде шұғыл шешім қабылданбаған.
Шахта басшылығы жұртты шулатқан видео әлеуметтік желіде пайда болғаннан кейін кәсіпорынға полиция мен әкімдік қызметкерлері және жазбаны өз парақшасында жариялаған блогер келгенін хабарлады. Оларға өндіріс орындары көрсетіліп, төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігі айтылған.
«Уран шикізаты өндірісінің барлық қалдықтары түр бойынша бөлінеді және ережелерге сәйкес арнайы бөлінген алаңдарға немесе қоймаларға уақытша орналастырылады. Бұл қоршаған ортаға ықтимал әсерді азайтады. Техникалық ақауға байланысты күкірт қышқылының төгілуі сияқты оқиғалар болған жағдайда жедел шара қабылданады», деп хабарлады «СП Заречное» АҚ баспасөз қызметі.
Қышқылмен ластанған топырақ залалсыздандырылып, зертханада тексеріліп, кейін кері қайтарылады. Мұндай жағдайда негізгі қауіп - улы заттың топырақтың терең қабатына енуі. Бірақ олардың айтуынша, күкірт қышқылының химиялық қасиеттері жерді «қыздырады», сондықтан ол терең енбейді. Қышқыл жер асты суларына да жете алмады - Заречное кен орны аймағында жер асты сулары 10-30 метр тереңдікте орналасқан.
«Заречное кен орнын игеру кезіндегі жер асты сулары мен атмосфералық ауаны зерттеу хаттамалары нәтижелері бойынша күкірт қышқылының қоршаған ортаға теріс әсері анықталған жоқ», - деп атап өтті кеніш өкілдері.
Соған қарамастан, оқиғаның барлық мән-жайын зерделеу үшін арнайы комиссия құрылып, қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ. Компания әлеуметтік желілердегі бейнелерді де зерттеп жатыр. Олардың жинаған мәліметтері бойынша пайда болған видеоның шамамен бір жыл ішінде түсірілген әртүрлі түсірілімдерден құрастырылғаны белгілі болыпты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық