Қазақтың ұлттық киімін дәріптеген Ақтау жұрты Гиннесстің жаңа рекордын паш етті
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі
Ақтау қаласының тұрғындары ұлттық киімдерін киіп, Каспий теңізінің жағалауындағы алаңға жиналып, Гиннес кітабының жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Ақтаудағы арнайы алаңға бес мыңнан астам адам жиналып, «Қазақтың ұлттық киімін киген адамдардың бір жерде ең көп шоғырлануы» номинациясында Гиннес кітабының рекордын жаңартты.
Ақтаудағы ауа-райының салқындығы мен жаңбыр жауып тұрғанына қарамастан ұлттық киіммен жиналған халықтың көңіл-күйі көтеріңкі, қала жұрты небір ұлттық нақыштағы ою-өрнегімен қазақтың ұлттық киімінің сән-салтанатын дүние жүзіне паш етті.
Ақтаудағы рекордты тіркеу үшін судьялық комиссия ретінде Лондоннан Гиннесстің рекордтар кітабының штаб-пәтерінен арнайы өкіл келіп, қазақ халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, рекорд орнатылғаны туралы сертификат тапсырды.

Рекордқа қатысатын жұрт алаңға таңғы 9-дан бастап жинала бастады. Күннің суығын да елемеген халық ұлттық құндылыққа деген құрметтерін көрсетіп, түске дейін тапжылмай тұрды. Таңертең сағат 11-де ұйымдастырушылар төрт мың қатысушы келгенін жариялады. Қатысушылар саны сағат 12: 01-де бес мыңнан асты. Сол кезде алаңның төбесінен дрон ұшырылып, нақты жиналған халық саны таблодан көрсетілді.
Гиннестің арнайы өкілі сертификат тапсырған соң ән мен биге бөленген алаңда мерекелік концерт жалғасты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық