«Қазақтелеком» рекордтық дивидендтер төлемін жариялады
«Қазақтелеком» АҚ акциялары компания рекордтық жоғары дивидендтер төлеуді жариялағаннан кейін қайтадан қымбаттай бастады, деп хабарлады Orda.kz.
KASE-де жарияланған ақпаратқа сәйкес, биыл «Қазақтелеком» 2024 жылға арналған дивидендтерді төлеуге өзінің таза кірісінің барлығын дерлік — 74,1 млрд теңгені бағыттайды. Әр қарапайым акцияға төленетіні — 6741 теңге. Бұған қоса, алдыңғы жылдардың бөлінбеген пайдасынан да дивидендтер — жалпы 219 млрд 256,9 млн теңге көлемінде төленеді. Осылайша, бір акцияға төленетін жалпы қаражат шамамен 26,7 мың теңге болады.
Осы шешімнен кейін, ақпанда «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (ұялы байланыс операторлары Tele2 және Altel) сатылғаннан кейін күрт арзандаған «Қазақтелеком» акциялары қайтадан өсе бастады — бұл бүкіл Қазақстан қор нарығына оң әсер еткендей.
«Дивидендтер туралы бұрын-соңды болмаған жаңалық, «Қазақтелеком» акциялары 1,3 %-ға өсіп, құлдырау тоқтады», деп атап өтті Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы.
Бұған дейін компанияның имиджіне ТМКК (АЗРК) анықтаған жоғары тарифтерге байланысты дау теріс әсер еткен еді.
Енді «Қазақтелеком» жоғары кірісті ашық көрсетіп, жағдайды өз пайдасына өзгерте алады.
2024 жылы желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Сервистік фабрикасының лауазымды адамдары өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген болатын.
2025 жылы қаңтарда «Қазақтелеком» Altel мен Tele2 ресми түрде сатты. Брендтердің жаңа иесі катарлық Power International Holding конгломераты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық