Қазақстанның үш қаласында жылу желілері жаңартылады
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының жылу желілерін жаңартуға үкімет резервінен тоғыз миллиард теңге бөлуді мақұлдады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Павлодарда 3,6 млрд теңгеге 2,5 шақырым ТМ-13 жылу магистралін салу жоспарлануда. Магистраль Павлов, Шевченко және Катаев көшелерінің 41,5 мың тұрғынын жылумен қамтамасыз етеді.
Екібастұзда ТМ-1 және ТМ-3 жылу магистралінің 4 шақырым учаскесін 3,6 млрд теңгеге қайта жаңғырту жоспарлануда. Магистраль екі мыңдай адамды қамтитын жаңа тұрғын үйлерді, әлеуметтік мекемелер мен шағын және орта бизнесті жылумен қамтуға мүмкіндік береді.
Қалған 1,8 млрд теңге Ақсу қаласындағы соңғы екі жылда 40-тан астам су ағып кету оқиғасы болған № 3, 5 және 8 ықшам аудандарындағы 4,3 шақырым жылу желілерін қайта жаңғыртуға жұмсалады. Магистраль 1,5 мыңнан астам жергілікті тұрғындарды жылумен қамту сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Павлодар қаласында жылу желілерінің жалпы ұзындығы 828,1 км 82,8% тозған, Екібастұзда 422,5 шқ 90,7% тозған , Ақсу қаласында 99,1 шқ тозығы 59% -ға жеткен. Техникалық байқау қорытындысы бойынша тозу деңгейі жоғары төрт аймақ анықталды.
Бұған дейін Үкімет басшысы Екібастұздағы жылу электр орталығын күрделі жөндеуге және су құбырын тартуға 3,4 млрд теңге бөлуді мақұлдаған болатын. Сондай-ақ Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларының жылу көздерін жаңғыртуға 16 миллиард теңге, Риддер қаласындағы жылу желілерін күрделі жөндеуге 2,4 миллиард теңге, Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге 816 миллион теңге бөлінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық