Қазақстанның темір жолдары 60 пайызға тозған
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанның теміржол инфрақұрылымының 60 пайызының тозығы жеткенін айтты.
Үкімет отырысында Смайылов тез арада шешімін табуды талап ететін бірқатар мәселелерге тоқталды.
«Бүгінде жылжымалы құрамның және магистральдық желілердің тозуы 60 пайызға жуықтайды. Осының барлығы пойыздар қозғалысы жылдамдығына және теміржолдың өткізу қабілетіне әсер етеді.
Сондай-ақ, транзит, экспорт және импорт көлеміне әсер ететін шекарадағы жүктерді өткізуге қатысты сұрақтар туындайды. Сол себепті құжаттарды қарауға және дайындауға аз уақыт жұмсайтын бизнес үшін «бір терезе» құру қажет. Барлық қызмет жылдам әрі синхронды жұмыс істеуі керек», - деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысы сонымен қатар қазіргі уақытта жалпы ұзындығы бес мың шақырымға жуық қолданыстағы магистральдық теміржол желілері жаңғыртылып жатқанын айтты.
«Қазақстан арқылы Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік жүк тасымалы жыл сайын артып келеді. Тек өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалы 23 миллион тоннадан астам болса, биыл бұл көрсеткіш тағы 22 пайызға өсті.
Тасымалдау көлемінің қарқынды өсуі жағдайында инфрақұрылымды дамыту және жылжымалы құрамды жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Осы мақсатта алдағы үш жылда ұзындығы 1 мың шақырымнан асатын жаңа теміржол желілері салынады», - деді Премьер-Министр.
Жаңалықтар
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?