Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресейдегі президент сайлауына жоғары баға беріп отыр
Фото: Benjamin Cremel
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі президент сайлауына жоғары баға берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан тіпті өз бақылаушыларын да жіберді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
«Ресейдегі сайлау, әрине, сол елдің ішкі ісі. Бірақ Қазақстан әлемдік тәжірибе бойынша бақылаушыларын жіберді, жаңалықтардан көрген шығарсыздар. Бақылаушылардың санын айта алмаймын, орталық сайлау комиссиясына хабарлассаңыздар болады, олар айтып береді. Мен Ресейді Қазақстанның стратегиялық серіктесі және одақтасы екенін айта аламын, сондықтан біз Ресейде болып жатқан үдерістерді қолдаймыз және оны жақсы бағалаймыз», деді Смадияров.
Еске салайық, Ресей Федерациясында президенттік сайлау 15 бен 17 наурыз аралығында өтті. Ресей орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Владимир Путин сайлаушылардың 87%-дан астам дауысын жинап, жеңіске жетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық