Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: gov.kz
4 наурызда еліміздің аймақтарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz Қазгидромет қызметіне сілтеме жасап.
Көпшілік аймақта тұман күтіледі.
Түркістан облысы: түнде батыста, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.
Шымкент: түннің бірінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде тұман күтіледі. Түркістан: түнде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы: солтүстікте тұман күтіледі.
Орал: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысы: батыста, солтүстікте, шығыста бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысы: оңтүстікте, таулы аймақтарда кей жерлерде тұман күтіледі.
Алматы: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы: солтүстікте, оңтүстікте, шығыста аздаған қар жауады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Петропавл: түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысы: бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Павлодар: қарлы боран күтіледі. Таңертең және күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с.
Қызылорда облысы: оңтүстікте, орталықта тұман күтіледі. Қызылорда: кей жерлерде тұман күтіледі.
Қостанай облысы: батыста және оңтүстікте тұман күтіледі.
Жаңалықтар
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды
- Германияның ең ірі ұлттық авиатасымалдаушысы Lufthansa қызметкерлерінің ереуілі үдей түсті
- Хиллари Клинтон: Трамп «мүлдем алжи бастады»
- Астанада Абай даңғылының бір бөлігі 20 сәуірге дейін жабылады
- Иран АҚШ-тың қарулы соғысына «логистикалық соғыспен» жауап беріп, стратегиялық тығырыққа тіреді
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
- «Біреудің ала жібін аттап кеттім бе?» — Ерболат Жанәбіловтің сот алдындағы сөзі
- «Аспаннан түскен байдың баласы емеспін»: Ерболат Жанәбілов кінәсін ішінара мойындады
- Алдағы күндері Алматыда найзағай ойнап, Астанаға қар жауады
- Астанада өрттен үш бала опат болды: Құтқарушылардың жолын жапқан көлік жүргізушісі жазаланды
- ҰҚШҰ бас хатшысы Тоқаевқа алдағы жоспарын таныстырды
- Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілері тағайындалды
- Иранда өлім жазасына кесілгендер саны күрт артты