Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді
Жамбыл және Түркістан облыстарында, Шымкент қаласында, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ның мәліметінше, 2025 жылғы 6 қазан күні Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелді.
Алдын ала деректерге сай, дүмпу Жамбыл облысы мен Шымкент қаласында сезілген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шамамен 465 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Координаттары – 42.270° солтүстік ендік және 71.378° шығыс бойлық, тереңдігі – 10 шақырым.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 13,3, магнитудасы MPV 5,9 болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің деректеріне сәйкес, дүмпу бірқатар елді мекендерде 2–4 балл аралығында сезілген:
• Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы – 4 балл (63 шқ)
• Тараз қаласы – 4 балл (68 шқ)
• Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы – 4 балл (82 шқ)
• Жамбыл ауданы, Аса ауылы – 4 балл (87 шқ)
• Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов кенті – 4 балл (89 шқ)
• Төле би ауданы, Ленгер қаласы – 3 балл (123 шқ)
• Қаратау қаласы – 3 балл (124 шқ)
• Манкент, Ақсукент, Сайрам, Шымкент – 3 балл (124–146 шқ)
• Мерке, Қазығұрт, Темірлан, Шаян – 3 балл (161–184 шқ)
• Жаңатас, Сарыағаш, Арыс – 2 балл (196–213 шқ)
• Келес, Шу, Шолаққорған – 2 балл (226–250 шқ)
• Отырар, Мойынқұм, Кентау, Түркістан – 2 балл (253–280 шқ)
• Қордай, Мырзакент, Шорнақ, Жетісай, Шардара – 2 балл (286–305 шқ)
Earthquake Alerts System хабарлауынша, жер сілкінісінің магнитудасы 5,4 балл болды. Сілкініс ошағы Қырғызстандағы Жалал-Абад облысының батысындағы Қара-Буура ауданында Өзбекстан шекарасына таяу маңда тіркелді. Қырғызстандағы жер асты дүбпулері Бішкекте және шекаралас өңірлерде сезілді.
Сонымен қатар, Өзбекстан астанасы Ташкенттің тұрғындарды да зілзаланы сезді.


Төтенше жағдайлар министрлігінің командалық орталығында вице-министр Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен жедел жиын өтті. Бейнеконференция барысында өңірлердегі қазіргі ахуал қаралды.
Министрлік өкілдерінің мәліметінше, ТЖМ күштері мен техникалары кез келген жағдайға әрекет етуге толық дайын. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түспеген.
«Төтенше жағдайлар министрлігі ахуалды үздіксіз бақылап отыр және өңірлермен тұрақты байланыста», деп хабарлады ведомство.
Министрлік азаматтарды сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздерінен мәлімет алуға шақырды.
Жаңалықтар
- Жолаушыларға лық толы ұшақта портативті қуаттағыш атылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
- Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне өңірдің тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды
- Театр ардагері Бижамал Кемалова өмірден өтті
- Салық органдары кәсіпкерлерге қызметкерлердің жалақысын көтеруді жаппай талап ете бастады
- Алматыда биыл 105 лифт ауыстырылады
- Цифрлық майнинг: 2 млрд теңгенің заңсыз криптовалюта операциясы немен аяқталды?
- КҚК Новороссийск арқылы мұнай жөнелтуді қайта бастады
- Президент Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
- 9 ай бойы дұрыс емдемеген: БҚО-дағы аурухана қайтыс болған науқастың отбасына өтемақы төленеді
- Алматыда жер сілкінісін ерте ескерту жүйесі күшейтіліп жатыр: 35 жаңа сейсмобекет салынды
- Немересі әжесінің мәйітімен бірге крематорий пешіне секірді
- Астанада автосалон жұмысшысы клиенттердің көлігін сатып жіберген
- Қазақстандық турист Ыстықкөлде 14 жастағы қызды соққыға жықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді құттықтады
- Аятолла Мұджтаба Хаменеи қарсылықты жалғастыруға шақырып, АҚШ-пен келісім шарттарын атады
- Қытай АҚШ-пен соғыс және Тайваньды басып алу сценарийлерін макет арқылы пысықтауда
- «Боратты» жарнамаға қосқан Shoqan бренді дауға қалды
- Джеки Чан Қазақстандағы кеште Miyagi мен Нұрлан Сабуровпен бірге көңіл көтерді
- Иран: АҚШ-қа 20 млрд доллардан астам шығын келтірдік
- Алматыда түнгі жол апатынан екі қыз қаза тапты