Қазақстанның негізгі астықты аймақтарындағы жағдай көңіл көншітпейді
Қазақстанның негізгі астықты аймақтарында екі аптадан бері жауын-шашын тоқтамай, алдағы өніс алуға деген болжам көңіл көншітпейді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
«Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров астық жинау науқанына байланысты жедел штаб отырысын өткізді. Егін жинау науқаны қызған шақта шаруалардың ең өзекті мәселелері – астықты кептіруге арналған қолжетімді дизель отыны; ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен фермерлерге несие беруді ұзарту; субсидиялар бойынша қарыздарды жабу. Қазақстанның негізгі астықты аймақтарында, атап айтсақ, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында соңғы екі аптада жауын-шашын тоқтаған жоқ. Қазгидромет болжамы көңіл көншітпейді: жаңбыр 17 қыркүйекке дейін жалғасады, одан соң аяз күтілуде, сол себепті солтүстік облыстарда жаңа астық сапасының, оның өнуі мен ылғалдылығының нашарлау қаупі жоғары» делінген сенбідегі хабарламада.
Сапаров айтқандай, қазіргі жағдайда ауа райының қолайсыздығы салдарын барынша азайту, шаруаларға барлық қажетті қолдау көрсету және келесі жылдың сапалы тұқым қорын қамтамасыз ету – басты міндет».
8 қыркүйектегі жедел мәліметтер бойынша Қазақстанда 4,8 миллион гектар дәнді дақылдар жиналды, бұл орылған алқаптың 28 пайызын құрайды. Орташа өнімділік 10 ц/га болғанда 4,8 млн тонна астық бастырылды.
Жаңалықтар
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды
- Германияның ең ірі ұлттық авиатасымалдаушысы Lufthansa қызметкерлерінің ереуілі үдей түсті