Қазақстанның ірі вольфрам кен орны енді АҚШ-тың бақылауында
Фото: Midjourney
АҚШ-тың Cove Capital тау-кен компаниясы Қазақстандағы ірі вольфрам кен орнын игереді, деп хабарлайды Orda.kz.
Америкалық Cove Capital мен қазақстандық «Тау-Кен Самұрық» компаниясы келісімге қол қойды. Мәміленің егжей-тегжейін Reuters агенттігі анықтады.
«Cove Capital бірлескен кәсіпорындағы үлестің 70 пайызын иеленіп, металды сату барысын өз бақылауында ұстайды. Қалған 30 пайызы «Тау-Кен Самұрық» компаниясына тиесілі. Елдің шығысындағы Солтүстік Қатпар мен Жоғарғы Қайрақты кен орындарын игеру жұмыстары шамамен 1,1 миллиард долларды қажет етеді. АҚШ-тың Экспорт-импорт банкі осы қаражаттың 900 миллион долларын қаржыландыруға ниет білдірген» деп жазады Reuters.
Вольфрам – болатты қатайтатын және қорғаныс өнеркәсібінде қолданылатын стратегиялық маңызды металл. АҚШ-та вольфрам өндірісі 2015 жылдан бері тоқтаған. Ал әлемдік нарықтағы ең ірі өндіруші мен жеткізуші ел ретінде Қытай әлі де ешкімге дес бермей отыр.
«Бұл – АҚШ үшін және оның маңызды пайдалы қазбаларға деген сұранысын қамтамасыз ету жолындағы үлкен жетістік», — деді Cove Capital басшысы Пини Алтхаус.
Келіссөздерге Дональд Трамп пен сауда министрі Говард Латник тікелей қатысып, кен орнын қытай компанияларының қолына өтпеуі үшін күш салған.
Кеніш құрылысы екі жылдан кейін басталып, алғашқы өнім үш жарым жылдан соң шығарылады. Кен өңдеу жұмыстары да Қазақстан аумағында жүргізіледі. Америкалық шенеуніктердің айтуынша, бұл кен орындарынан алынған вольфрам ең алдымен АҚШ үкіметі мен америкалық компаниялардың қажетіне жұмсалады.
Бұған дейін Bloomberg агенттігі АҚШ Қазақстаннан жеткізілетін вольфрамды Қытай импортына стратегиялық балама ретінде қарастырып отырғанын хабарлаған. Cove Kaz Capital жобаны толығымен Қазақстанда жүзеге асырып, өндірілген металды ел ішінде өңдеуді жоспарлап отыр. Америкалық тарап компания капиталына араласпай, тек қаржылай қолдау көрсетуді көздейді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 6 қарашада 2026 жылы Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне сапармен келетінін мәлімдеді. Ол Вашингтонның ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы әріптестікті кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп құны 17 миллиард доллардан астам болатын мәмілелерге қол қойды. Дональд Трамп АҚШ Қазақстанмен көпқырлы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге дайын екенін айта кетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық