Қазақстанның бай пайдалы қазбалары туралы Қаныш Сәтбаевтың жазбасы табылды
Қазақстанның ең бай пайдалы қазбалары туралы айтылған 1959 жылғы бірегей аудио таспа жарық көрді, деп хабарлайды Orda.kz 24KZ сайтына сілтеме жасап.
Қаныш Сәтбаевтың 1959 жылғы таптырмас аудиожазбасы Павлодардағы мұражай қызметкерлерінің қолына түсті. Бұл оның Мәскеуде өткен КСРО Коммунистік партиясының 21-съезінде сөйлеген сөзінің үзіндісі.
Қазақстан Ғылым академиясының президенті өз сөзінде қазақ даласында тұздан басқа құнды ештеңе жоқ деген ескірген пікірді жоққа шығарды. Сәтбаев кеңестік геологтар тобы 200-ден астам көмір кен орнын анықтағанын, оның ішінде Қарағанды, Екібастұз және Майкөбедегі қорлары жүздеген миллиард тоннаға жететін алып кен орындары бар екенін айтқан.
Сол кездің өзінде-ақ қазақ ғалымы еліміздің батысындағы мұнай мен газға бай кен орындары туралы білген. Аудио жазба ұзақ жылдар бойы атақты павлодарлық қолөнерші Бақыт Сағындықовтың отбасында сақталған. Жақында оның туыстары облыстық тарихи-өлкетану музейіне ескі аудио таспаны сыйға тартты.
«Қазақстанның жер қойнауында түрлі-түсті, қара, асыл, сирек металдардың барлық дерлік түрлерінің әлемдік деңгейдегі қорлары, минералды тыңайтқыштар шикізаты, көмір, тұздар, құрылыс материалдары, сондай-ақ мұнай мен табиғи газдың үлкен қорлары бар», деді Сәтбаев Мәскеуде өткен съезде.
Тарихи-өлкетану мұражайы қорының бас тәлімгері Әлия Жомартованың айтуынша, бұл аудиожазба қазір эксклюзивті экспонат болып отыр.
«Әрине, Қазақстан ғылымы үшін көп еңбек сіңірген атақты ғалымымыздың үнін есту біз үшін өте маңызды. Павлодар өзінің атақты жерлесін мақтан тұтатынын білесіздер. Сондықтан бұл дауыс Қазақстан үшін өте құнды. Бұл бірегей экспонат», - дейді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді
- Алматыда 200-ден астам тұрғын құлағалы тұрған үйлерінен жаңасына көшті
- Almaty Half Marathon-на әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысты
- Қазақстандық спортшылардың осы аптадағы жетістіктері
- Астананың көлік жүргізушілері эвакуатор шақыру мен арнайы тұрақ ақысын өздері төлейтін болды
- Иран СІМ: Еуроодақтың өзі АҚШ пен Израильдің әскери қылмыстарын қолдап отыр
- Атырауда бөтен құжатпен 19 несие алған адам сотталды
- Солтүстік Қазақстанда 7,7 гектар орман алқабы өртенді
- Алматыда жол бойында өсіп тұрған ағаш автокөліктің үстіне құлады
- Сарбаздар мен әскери қызметшілерге телефон қолдануға рұқсат берілді
- Маңғыстауда жауған нөсер мен дауылдан жүздеген жылқы қырылды, ұсақ мал да бар
- КХДР Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды — БАҚ
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
- Қазақстан премьер-лигасы матчында «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» жеңді
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды