Қазақстанның авиациялық әкімшілігі шағын авиация пайдаланушыларының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейтуде
Фото: Pexels
Авиациялық жұмыстарға тартылған шағын авиациялық әуе кемелерін пайдаланудың көктемгі-жазғы кезеңінің басталуымен авиациялық оқиғалар фактілері жиілеп кетуіне байланысты, авиациялық әкімшілігі шағын авиация пайдаланушыларының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейтуде.
Бұл туралы көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің тапсырмасы бойынша авиациялық оқиғалардың қайталануының алдын алуға, оның ішінде компаниялардың қызметін тоқтата тұру, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтата тұру, заңнама талаптарын бұзған тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту жолымен бағытталған шараларды күшейтеді» деп мәлімдеді көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.
Сондай-ақ, пайдаланушыларға ұшуға жарамдылығын бағалау бағдарламасы бойынша Ан-2 үлгісіндегі барлық әуе кемелеріне қосымша бағалау жүргізу, авиациялық қызметкерлердің ұшуды орындауға дайындығын бақылауды күшейту және басқа да алдын алу шаралары мәселелері бойынша нұсқаулар берілді. Оқиғалардың себептерін тергеуді Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссиясы жүзеге асырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық