Қазақстанның АҚШ-қа таситын мұнай мен уран экспорты 95%-ға өсті
Коллаж Orda.kz
2024 жылдың алғашқы жарты жылдығында Қазақстанның АҚШ-қа экспорты өткен жылмен салыстырғанда 95%-ға артты.
Бұл туралы Data hub хабарлады.
Экспорттың негізгі өсіміне мұнай, уран және күміс тасу көрсеткіштері әсер етіп отыр. Олардың жалпы экспорты 87% болды.
Ресми статистикаға зер салсақ, 2024 жылдың алғашқы алты айында экспорт көлемі 888,8 миллион долларға жетіп, 2014 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішті көрсетті. Өсімнің негізгі қозғаушы күші - мұнай экспорты. Ол 0,9 миллион тоннаны құрап, 578 миллион долларға бағаланды. Бұл 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есеге жуық көп. Уран экспорты 20 есеге өсіп, 104,7 миллион доллар болды. Ал күміс тасу 49%-ға артып, 89,4 миллион долларға жетті.
Экспорттың қарқынды өсуіне қарамастан, АҚШ-тан Қазақстанға импорт 14%-ға төмендеп, 1,1 миллиард долларды құрады. Импорттың негізгі тауарлары жеңіл автомобильдер, турбореактивті қозғалтқыштар және дәрі-дәрмектер болды. Сонымен қатар Қазақстанға 32 зертханалық жануар, 5,4 миллион долларға бағаланған 182 келі бұқа шәуеті, орташа бағасы 1843 доллар болатын 25 электрогитара және 13,5 мың доллар тұратын бір велосипед импортталды.
Еске сала кетсек, Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстерін 2025 жылдың соңына дейін іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда.
Жаңалықтар
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға