Қазақстанға құны 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылды
Фото: Ortcom.kz
Мемлекет меншігіне 2022 жылдан бері 1,09 трлн теңге болатын активтер қайтарылды.
Бұл туралы жемқолыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Биылғы жылдың басынан бастап Антикор аяқталған қылмыстық істер бойынша шамамен 195 млрд теңгені қайтарды.
Қайтарылған активтердің басым көпшілігі сотталған Қайрат Сатыбалдының жымқырғандары. Атап айтар болсақ, Сатыбалды Алматыдағы құны 7,9 миллиард теңгеден асатын «Kaisar Tower» бизнес орталығын, құны 800 миллион теңгеден асатын әкімшілік ғимараттар мен Астанадағы құны 5 миллиард теңгеден асатын үш зәулім үйді қайтарып берген болатын.
Қазіргі таңда мемлекетке қайтарылған ғимараттар Алматы мен Астанадағы жоғары оқу орындарының қарамағына берілді.
«Бизнес орталығы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне, әкімшілік ғимарат Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының меншігіне өтті. Ал зәулім үйлер елорда әкімдігінің психологиялық-педагогикалық түзету мекемесіне берілді» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бірқатар шет мемлекеттерден бағалы қағаздар, ақша, жылжымайтын мүліктер мен зергерлік бұйымдар қайтарылды. Мысалы, Австриядан – 36,8 млрд теңгенің мүлкі, Лихтенштейннен – 116,7 млрд теңге, БАӘ – 6,3 млрд теңге, Түркиядан – 2,2 млрд теңге қайтқан.
Сондай-ақ бұрынғы индустрия вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың өкілеттігін асыра пайдаланғаны туралы қылмыстық іс бойынша Шевченковское кен орны мемлекет меншігіне өтті. Қостанай облысындағы бірегей кен орнында 5,6 триллион теңгеден астам никель мен кобальт қоры бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық