«Қазақстанға қайтпа»: Жұрт желідегі әйелдің ұлына берген кеңесін қызу талқылап жатыр
Коллаж Orda.kz
Қазақстандық әйел әлеуметтік желіде кең тараған бейнежазбада ұлына Франция университетін тәмамдаған соң отанына оралмауға кеңес берді. Бұл бейнежазба тез таралып, желі қолданушылары қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, ұлына «мардымсыз жалақыға, таныс-тамырмен және мамандығы бойынша емес» жұмыс істемесін деп осындай кеңес беріпті.
«Бүгін менің ұлым Францияда бакалавр дипломын қорғады. Бұған жету бізге оңай болмады. Оған да, бізге де қиын болды. Оны тіпті Макдональдсқа жұмысқа алмады. Жұмыс беруден бас тартқандар қажетті білігі жоқ екенін айтты. Ол мамандығы бойынша жұмыс тапқанда біз ипотекамызды төлегендей жеңілдеп қалдық. Салыстырып қарасақ бұл Қазақстан ЖОО-ларының оқу ақысын төлегеннен де арзан болды. Француз, орыс, ағылшын, қазақ тілін біліп тұрып, мұнда мардымсыз жалақыған жегілуге не үшін оралуы керек? Таныс іздеп не керек? Қайдағы бір «ағашканың» артынан тиын-тебен жинап жүрсін бе? Өздеріңіз шешіңіздер», — деді әйел.
Бұл кеңес желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бір тарап туған жерге адалдық танытып, қайта оралу керек десе, екіншілері адам жақсы өмір сүруі керек екенін айтып, елдегі әлеуметтік жағдай мен «таныс-тамыр» арқасында жұмысқа тұруды сынады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық