Қазақстандықтарға қаржы пирамидалары шамамен 20 млрд теңге шығын келтірді
Фото: Envanto
Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 57 қылмыстық іс тергеуін аяқтап, 20 млрд теңгеге жуық шығынды анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
20 млр теңгеге жуық шығынның 12 млрд теңгеден астамы өтелген. Мәселенің ауқымы соншалықты үлкен болғандықтан, ҚМА «Қаржы пирамидаларына қарсы күрес» арнайы жобасын іске қосты. Бұл жоба қаржы пирамидаларының ауқымын қысқартуға және оларға тартылған салымшылар санын азайтуға бағытталады.
Агенттіктің соңғы істерінің бірі — HitBeatMusic. Бұл пирамида өзін канадалық музыкалық инвестициялық жобаның ірі акциялар пакетіне ие шетелдік компания ретінде көрсетіп, шын мәнінде музыкаға қатысы жоқ «акцияларды» сатқан.
«Салымшылар қаражатын тарта отырып, оларға салынған сомадан 10%-дан 15%-ға дейін кіріс уәде етілген. Шығын көлемі 255 млн теңге болды. Сот үкімімен аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды», – деп атап өтті ҚМА.
Сондай-ақ, агенттік биыл 10,5 мың қаржылық алаяқтық белгілері бар сайт сілтемелерін бұғаттап, WhatsApp, Telegram және Instagram желілеріндегі 292 чаттың жабылғанын айтты.
Алаяқтардың тұзағына түспеу үшін агенттік қаржы пирамидасының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін телеграм-ботты іске қосты. Сонымен қатар, ведомство сайтында бұзушылықтармен ұсталған компаниялардың тізімі бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық