Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 18 триллион теңгеден асты
Ақпан айында қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 18,1 трлн теңгеден асты. 2024 жылдың бірінші айында олардың өсімі шамамен 240,5 млрд теңге болды.
Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда зейнетақы жинақтары көлемі 3,3 трлн теңгеге немесе 21,9%-ға өсті.
«Жинақтардың негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасады. Ол 17,5 трлн теңгеден астам соманы құрады. Жылдағы өсім 21,7 пайыз болды» деді БЖЗҚ.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 578,2 млрд теңге болды және бір жылда 26,9%-ға өсті. Ерікті жарналар есебінен зейнетақы жинақтары – 5,5 млрд теңгеден асты. Бір жыл ішінде ол 50,1%-ға өсті.
«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі қаржыландырылатын жүйе жаңа шартты жинақталатын құрамдас бөлікпен - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен толықтырылды» деп хабарлады қор.
Әрбір қызметкердің айлық табысынан: 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылы 5%-ға дейін жыл сайынғы өсіммен 1,5% мөлшерде есептеледі.
«Бұл төлемді 2038 жылы зейнеткерлікке шығатын жұмысшылар ала бастайды. Шара 1975 жылдан кейін туған, зейнетақы мөлшері осы жарналарға тікелей байланысты болатын қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. 2024 жылдың бірінші айында зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеден асты» деп толықтырды БЖЗҚ.
Зейнетақы жарналарының көлемі қаңтарда 187,7 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға немесе 31,7 млрд теңгеге жоғары.
«БЖЗҚ инвесторларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 109,6 млрд теңгеден асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 45,7 млрд теңгеге немесе 72%-ға артық» деп хабарлады қор.
2024 жылдың қаңтарында БЖЗҚ 63,4 млрд теңгеден астам қаржы аударды:
- жасына байланысты төлемдер 15,5 млрд теңге;
- тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге біржолғы зейнетақы төлемдері – 28,6 млрд теңгеден астам;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 10,8 млрд теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер – 4,4 млрд теңге;
- Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткеніне байланысты төлемдер – 2,8 млрд теңге;
- жерлеу төлемдері – 966,9 млн.теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер – 280,4 млн.теңге.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық