Қазақстандықтардың шоттары енді салық бойынша аздаған қарыздары үшін бұғатталмайды
Жаңа Салық кодексінің жобасы бизнесті қолдауға бағытталған өзгерістерді көздейді. Енді азғантай салық қарыздары үшін кәсіпкерлердің банк шоттары бұғатталмайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекеттік кіріс комитеті еске салып өткендей, қолданыстағы нормалар бойынша, егер салық төлеушінің тіпті ең төменгі қарызы бір теңге болса да оған мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылуы мүмкін. Ендігі қарастырылған ерекшелік - банк шоттары бойынша шығыстарды оқшаулау, тек алты АЕК-тен жоғары борыш болса ғана қолданылады.
Егер компания немесе кәсіпкер тәуекелдің орташа немесе жоғары дәрежесіне жататын болса, оларға берешек туындаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтеу қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.
Жаңа кодекс жобасы осы тәсілді өзгертуді ұсынады. Анағұрлым икемді жүйе енгізілуде: бұдан былай тәуекел дәрежесіне байланыстыру болмайды.
Егер борыш 20 АЕК-тен аз болса, салық төлеушіге - ешқандай кедергісіз және шектеусіз ескерту ғана жіберіледі және өсімпұл есептеледі. Берешек 20-дан 45 АЕК-ке дейін болса, анағұрлым қатаң шаралар қолданыла бастайды - шот бойынша шығыс операцияларын оқшаулау, өсімпұл есептеу, инкассалық тапсырма беру шаралары қолданылады.
Егер қарыз 45 АЕК-тен асатын болса, борышкерге барлық, оның ішінде ең қатал шаралар қолданылады. Бұл мүлікті түгендеу және сату, контрагенттерден қарыздарды өндіріп алу, шетелге шығуды шектеу және сот шешімі бойынша қарыз үш ай ішінде өтелмеген жағдайда, тіпті банкроттық рәсім басталады.
30 сәуірде Мәжіліс жаңа Салық кодексін мақұлдады. ҚҚС мөлшерлемесі 20% -дан 16% -ға дейін төмендетілді, ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 40 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Бірқатар тауарлар мен қызметтер ҚҚС төлеуден босатылды. Банктер мен ойын бизнесі үшін салық көлемі артты, ал ЖКС бойынша ыңғайлы шкала енгізілді.
Жаңалықтар
- Енді жолдағы шұңқырлар мен жарықтарды дрондар анықтайды — Көлік министрлігі
- Қарағандыда жалған купюрамен сауда жасаған әйел ұсталды
- Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровпен кездесті
- Тоқаевтың экс-кеңесшісін өлтірген адам 11 жылға сотталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Сараптама айыпталушыны есі дұрыс деп таныды
- Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды
- «Құман екеуіміз өмір бойы халық үшін еңбек еттік. Бізде кәсіп болмады»: Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді
- Қаңғыбас иттер туралы даулы заң мәжіліске қайтарыла ма?
- Алматыда Zeekr көлігімен болған жол апатын тергеу екі аптада аяқталады
- Көлік сатамын деп алдаған: Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
- Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
- Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды
- Алматыда 81 жастағы зейнеткерді ұрлаған күдіктілер ұсталды
- Путин Жеңіс күні қарсаңында Украинамен уақытша бітімге келуі мүмкін
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды