Қазақстандықтардың банк деректері салық органдарына берілетін болады
Фото: Elements.envato.com
Қаржы министрлігі банктерді азаматтар мен компаниялардың шоттары туралы толық мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетіне беруге міндеттеуді ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚР Қаржы министрлігі жаңа бұйрық жобасын әзірледі. Құжатқа сәйкес, банктер бұдан былай жеке және заңды тұлғалардың шоттары бойынша толық мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) тұрақты түрде жолдап отыруы тиіс. Бұл туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 29 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.
Бұйрық жобасына сәйкес, банктер салық органдарына мынадай ақпараттарды тапсырады:
- шот нөмірлері;
- шоттағы қалдықтар;
- ақша аударымдары туралы мәліметтер.
Қаржы министрлігінің түсіндіруінше, бұл бастама салықтық әкімшілендіруді күшейтуге және табыстарын жасырып жүрген тұлғаларды дер кезінде анықтауға бағытталған.
«Жобаның күтілетін нәтижесі – салықтан жалтаратын немесе табысын төмен көрсететін азаматтар мен компанияларды дер кезінде анықтау. Бұл мемлекеттік бюджетке түсетін кірісті арттырып, көлеңкелі экономиканың үлесін азайтады» деп жазылған құжат мәтінінде
Бұл жоба банктер мен Мемлекеттік кірістер комитеті арасындағы дерек алмасуды заңдастырып, жүйелі негізде жүзеге асыруға жол ашады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық