Қазақстандықтар толық дерлік интернет-банкингке көшті
Фото: Егемен Қазақстан
Ұлттық банктің мәліметінше, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтардың интернет және мобильді банкинг арқылы жасаған транзакцияларының үлесі қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы көлемінде 90%-ға жетті, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық банктердің төлем карталарын пайдалану арқылы 84,9 трлн теңгеге 6,1 млрд транзакция жасалды. Қазір қолма-қол ақшасыз әдіспен жасалған операциялардың саны мен көлемі сәйкесінше 13,6% және 16,0% өсіп отыр. Төлем карточкалары арқылы қолма-қол ақшаны беру бойынша тиісінше 3,6% және 12,8% өсім (жалпы көлемі 12 трлн. теңге) тіркелді.
Бұл ретте жалпы сомада қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі 98%, жалпы ақшалай көлемде – 85,8% болды.
«Қолма-қол ақшасыз транзакцияларды жүргізудің ең танымал тәсілі – интернет және мобильді банкинг. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қазақстандықтардың интернет және мобильді банкинг арқылы жүзеге асырған транзакцияларының үлесі қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы көлемінде 90%-ға жетті. Күн сайын осы әдіспен 359,9 миллиард теңгеден астам сомаға 26,3 миллионнан астам транзакциялар жүзеге асырылады», деп атап өтті Ұлттық банк.
QR коды арқылы төлеу де танымал бола бастады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 7,3 триллион теңгеге 1,5 миллиард осындай транзакция жасалды, бұл 2023 жылғы ұқсас көрсеткіштерден 3,2 есеге артық. Тауарлар мен қызметтерді төлеуге арналған құрылғылар саны да артып келеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында POS-терминалдар 24,6%-ға өсті (жалпы саны 1,16 млн.).
«Сонымен қатар, төлем инфрақұрылымында кәсіпкерлер мен сауда субъектілерінің саны 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында тиісінше 20,5%-ға (жалпы саны 846,6 мың бірлік) және 26,1%-ға (жалпы саны 1,1 млн бірлік) өсіп, тұрақты өсуді көрсетеді», деп толықтырды Ұлттық банк.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық