Қазақстандықтар мемлекеттік сатып алу заңдарын бұзғаны үшін сотталды
Фото: Ашық дереккөзден
Бас прокуратура мемлекеттік сатып алу саласындағы шикіліктер туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Бас прокуратура мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы жоспарлаудан бастап тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді қабылдауға дейінгі кезеңдерде барлығы 2,5 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды.
«Қабылданған шаралармен мемлекет кірісіне 10 миллиард теңге өндірілді. Мысалы, Жамбыл облысы Таразда жылу магистралін реконструкциялау конкурсы бойынша әлеуетті өнім берушілерге негізсіз талаптар белгіленгені анықталды. Ақмола облысында жекелеген аудандық әкімдіктер жобалық сметалық құжаттаманы әзірлемей блоктық-модульдік қазандықтарды сатып алмақшы болған» делінген хабарламада.
Заңсыз конкурстардың күші жойылды.
"Осы облыста арнайы прокурорлар "Жайлау Сити" тұрғын үй құрылыс кооперативі және "Құрылтай" көппәтерлі тұрғын үй кешенін сыртқы электрмен жабдықтау желілерін салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді. 30.10.2023 жылы Целиноград ауданы Құрылыс бөлімінің басшысы С. және «Еңбек-Аршалы» ШЖҚ РМК директоры А. 7 және 8 жылға тиісінше бас бостандығынан айырылды, «Астана ЭлектроСтройКомплект» ЖШС директоры С. – 7жылға шартты түрде сотталды».
Аталған салада мәселелерді анықтау үшін былтырғы жылдың аяғында Қаржы министрлігі және жергілікті атқарушы органдарда тексерулер жүргізілген болатын.
«Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын екіұшты қолдану, ішкі мемлекеттік аудит органдары актілеріне қарсылықтарды ұзақ қарау және басқа да бұзушылық фактілері анықталды. Қорытынды бойынша Үкіметке ұсыныс енгізілді. Қадағалау актісі бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесін жақсарту, оның ішінде заңнаманы жетілдіру жолымен іс-шаралар көзделген Жол картасы әзірленді» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық