Қазақстандықтар қандай фармацевтикалық препараттарға әуес?
Фото: Ашық дереккөзден
Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев есірткі әуесқойлары арасында қандай фармацевтикалық препараттар танымал екенін айтып берді. Бүгінде қазақстандық жастар қауіпті «күлдіргіш газға» үйір. Бұл зат түнгі клубқа келушілер арасында танымал, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Азот оксиді («күлдіргіш газ») түнгі клубтарда жиі қолданылады. Сондай-ақ, рецепт бойынша берілетін сомнол, тропикамид, зопиклон және т.б. есірткі тұтынушылар арасында өте танымал», – деді Қожаев Мәжілістегі Қоғамдық палата отырысында.
Бұл заттардың барлығы күшті дәрілер тізіміне енгізілген.
«Алайда прекурсорлардағыдай контрабанда нормасы бойынша ғана қылмыстың субъектісіне айналады (ҚР ҚК 286-бабы). Сондықтан күшті әсер ететін заттарды пайдаланғаны, сақтағаны және заңсыз айналымының басқа да түрлері үшін жазалауды енгізу ұсынылады», – деп толықтырды вице-министр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық